Қостанай облысында шенеуніктер кәсіпкерден 10,8 млн теңге пара талап еткен - агенттік

Автор: Azattyq Rýhy

Олар заңсыз түрде серіктестік басшысын 10 млн теңгеден ақша аударуға мәжбүрлеген

Фото: Батыржан Беспаев

Қостанай ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғалары қызметін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Бұл туралы alau.kz хабарлайды.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, қазір күдікке ілінген тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған.

«Олар қызметтік бабын асыра пайдаланып, шағын және орта бизнес субъектісі болып табылатын серіктестік басшысын заңсыз түрде Заречный кентінде газ құбырын тартуға қажетті құрылыс-монтаждау жұмыстарына ақы төлеу үшін 10,8 млн теңге аударуға мәжбүрлеген», - делінген хабарламада.

Қазір аталған лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Оларға қатысты соңғы шешімді сот шығарады.