Каспий жағалауындағы қамыс өрті сөндірілді

Автор: Azattyq Rýhy

Қамыс биік әрі батпақты болғандықтан өртті сөндіру қиынға соқты

Фото: баспасөз қызметінен

Атырау облысында Каспий теңізі жағалауында жанып жатқан қамыс арасындағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«6 қыркүйекте сағат 17.21-де Атырау облысында өртке оранған қамыс пен қураған шөптің жануы жойылды. Еске сала кетсек, Атырау қаласынан 30 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында қамыс жанып жатқан болатын. Қамыс биік әрі батпақты болғандықтан өртті сөндіруі қиынға соқты. Онда өрт сөндіретін арнайы техника жете алмады», - делінген хабарламада.

Онда Шымкент қаласынан ұшып жеткен «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-17 тікұшағы өрт ошақтарына 3 тоннадан 10 рет су шашты.