Баланың денесі құрылыс алаңына жақын жерде табылды
Оралда жоғалып кеткен 9 жасар бала өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Менің қалам» порталына сілтеме жасап.
Бала бесінші қыркүйекте үйден шығып, оралмады. Rozysk.kz еріктілері хабарлағандай, баланың денесі құрылыс алаңына жақын жерде табылды.
Полицейлер 9 жасар Нұрасыл Мәди ескі әуежай маңында салынып жатқан үйлердің аумағынан өлі күйінде табылғанын айтты.
«Бала құрылысқа кіріп, биіктіктен құлап қалуы мүмкін», - деді полиция өкілдері.