Теміртауда ер адамның мәйіті табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұрын ол хабар-ошарсыз кеткен деп есептелген

Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 қыркүйек күні сағат 15.30-да Теміртауда «Арселор Миттал Теміртау» АҚ комбинатынан 200 метр қашықтықта зорлықпен өлтірілген 50 жастағы қала тұрғынының мәйіті құдықтан табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

Бұрын ол хабар-ошарсыз кеткен деп есептелген. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіні анықтау және ұстау үшін ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы бағдарланған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 31 және 43 жастағы екі күдікті анықталып, ұсталды. Дәлелдемелер базасын жинауға және бекітуге бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде.