Күдікті өз кінәсін мойындады
Оралда мектеп оқушысына азғындық жасаған тұрғын ұсталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Мой ГОРОД» басылымына сілтеме жасап.
«Оқиға биыл тамыз айында болған. Кәмелетке толмаған 2006 жылғы қыздың анасы 3 қыркүйекте полицияға шағымданған. Күдікті бірден анықталып, ұсталды. Жәбірленуші қаладағы мектептердің бірінде 9-сыныпта оқиды», - деп жазылған ақпаратта.
1997 жылғы күдікті кінәсін толық мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.