Денесінің 90 пайызын күйік шалған 37 адам ауруханаға түскен
Бангладештегі мешіттердің бірінде жұма күні газ құбыры жарылып, кемінде 16 адам қаза тапты. Олардың біреуі - бала, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Associated Press-ке сілтеме жасап.
«Оқиға Нараянгандж қаласында болды. Жарылыстан кем дегенде 16 адам қаза тауып, денесінің 90 пайызын күйік шалған 37 адам ауруханаға түскен», - деп жазылған ақпаратта.
Бангладеш билігі төтенше жағдай бойынша тергеуді бастады.