Каспий жағалауында өрт шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Теңіз жағасындағы қамыстың жану себебі анықталған жоқ

Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында Атырау қаласынан 30-40 км жерде қамыс жанып жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Жануды сөндіру өсімдіктердің салыстырмалы түрде жоғары деңгейімен қатар батпақты жерлермен күрделене түседі, осыған байланысты арнайы техникадан өту кейде мүмкін емес. Қалыптасқан жағдайды мониторингілеу мақсатында ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағымен жану аумағын ұшып өтті. Ұшу нәтижелері бойынша жану жеке ошақтармен жүретіні анықталды», - деп хабарлады ведомстводан. 

Сондай-ақ, өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД, орман шаруашылығы,жергілікті атқарушы органдардың 55 адамы мен 14 бірлік техникасы жұмылдырылды.