Таразда жоғалып кеткен 10 жасар бала бір тәуліктен кейін табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның неліктен көрші елдімекенге кетіп қалғаны айтылған жоқ

Қазақпарат

6 қарашада жоғалып кеткен 10 жастағы Тимур Жиенбайды полицейлер қала іргесіндегі Шөлдала аумағынан тапқан. Ол дін-аман.

Куәгерлер Тимурды соңғы рет 6 қараша күні сағат он екілер шамасында 5-шағынауданнан бірінші шағынауданға қарай кетіп бара жатқанын көрген. Оның үстінде мектеп формасы, арқасында рюкзагы болған.

«Тараз қаласының Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерінің белсенді іздестіру нәтижесінде 6 қарашада жоғалып кеткен 10 жастағы бала Тараз қаласының Шөлдала аумағынан табылды», - делінген полиция таратқан хабарламада.

Шөлдала массиві Тараздан 15 шақырым қашықтықта жатыр. Ол жақында ғана қала аумағына қосылған болатын.