Өскеменде ұры өз анасының аяқ киімдерін ұрлап кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккен қарияның айтуынша, оның 60 жастағы ұлы үйінен әйелдердің күздік етігі мен үйге киетін аяқ киімін ұрлап кеткен екен

Ертіс аудандық полиция бөліміне хабарласқан зейнеткер полициядан көмек сұраған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Зардап шеккен қарияның айтуынша, оның 60 жастағы ұлы үйінен әйелдердің күздік етігі мен үйге киетін аяқ киімін ұрлап кеткен екен. Жалпы шығын 9 мың теңгені құраған. Кейінірек анасының аяқ киімдерін ұрлаған «ұл» кінәсін мойындап, қолды қылған заттарын иесіне қайтарып берген.

«Қазіргі уақытта ҚР ҚК 1-бөлімінің 188-бабына сәйкес, ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облыстық ПД баспасөз қызметінен.