Таразда мейрамхана маңында адам өлтірген күдікті ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

27 жастағы ер адамның мәйіті 30 тамыз күні табылған еді

Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысында мейрамхана маңында ер адамды өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Полиция қызметкерлері 2 қыркүйек күні кісі өлтірді деген күдікпен 33 жастағы ер адамды ұстады. 30 тамыз күні Ақбұлақ шағынауданында, мейрамханаға жақын маңнан 27 жастағы ер адамның мәйіті табылған еді. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп жазылған хабарламада.

Күдікті алдын ала тергеу барысында қаза болған адаммен арадағы кикілжіңге өзара сөзге келіспеушілік себеп болғанын айтты және қылмысын мойындады. Қазіргі уақытта ол Тараз қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды.