Оқиғаның неден шыққанын анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалды
2 тамыз күні сағат 14:43-те Қостанай облысы Лисаков қаласы 1 шағынаудандағы пәтерлердің бірінен термиялық күйік белгілері бар 67 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Бұл туралы Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.
Оқиға орнынан өртке қарсы қызмет күші шақырылған жоқ. Жағдайды анықтау үшін Лисаков қаласы Төтенше жағдайлар бөлімі мен Полиция бөлімі қызметкерлері мәйіт табылған жерге барды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.