Павлодарда 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған азамат тағы да мас күйде рөлге отырды

Автор: Azattyq Rýhy

Тереңкөл ауданының 27 жастағы тұрғыны арада екі ай өтпей жатып тағы да жол ережесін бұзды

Көрнекі фото: politeka.net

Павлодар облысы Тереңкөл ауданында осыдан 2 ай бұрын 8 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған азамат тағы да мас күйінде рөлге отырған.

«Тереңкөл ауданының полицейлері патрульдеу кезінде 27 жастағы жүргізуші тізгіндеген ВАЗ-21114 автокөлігін тоқтатты. Жүргізушіден алкогольдің иісі шықты, медициналық тескреу нәтижесінде, жүргізушінің ішімдік ішкені расталды. Одан ары тексеру барысында жүргізушініңекі ай бұрын сот шешімімен 8 жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Алайда, ол соған қарамастан тағы да мас күйде рөлге отырған. Енді жүргізушіге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, автокөлік айыппұл тұрағына қойылды», – деп түсіндірді Тереңкөл аудандық полиция бөлімінің бастығы Арман Кәрімов.

Полиция қызметкерлері жыл басынан бері облыс бойынша көлікті мас күйінде басқарған 852 жүргізушіні ұстаған.