Баласын қоқысқа тастап кеткен әйел 55 мың теңге айыппұл төлейді

Автор: Azattyq Rýhy

Ал сәби балалар үйіне жіберілді

Фото: ашық дереккөзден

Қарағандыда жаңа туған қызын қоқысқа тастап кеткен 22 жастағы әйелге айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қарағанды патриоты» паблигіне сілтеме жасап.

«Оның екі баласы бар. Үшінші баланы қаламаған. Баланы үйде босанып, түннің ішінде пакетке салып, қоқысқа тастап кеткен. Кішкентай қыз тірі», - деп жазылған ақпаратта.

Октябрь аудандық соты әйелге 55 560 теңге айыппұл салды. 

Естеріңізге сала кетсек, 3 сәуір күні Қарағандыдағы үйлердің бірінің маңындағы қоқыс контейнерінен бір айлық бала табылған. Бірнеше күннен кейін полиция қыздың анасын тапқан еді.