Оқиға 2019 жылы қараша айында болған
Қызылорда қаласында төрт адамның өмірін қиған жол апатына кінәлі көлік жүргізушісі 9 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
«Жол апаты 2019 жылдың 21 қарашасында болды. «Toyota Camry-30» маркалы көлікті тізгіндеген 20 жастағы қала тұрғыны жол ережесін бұзып, бір бағытта келе жатқан көлікке соғылып, автобус аялдамасында тұрған адамдарды қағып кеткен. Жол апатынан 55 жастағы ер азамат, 7 жасар қыз және 9 жасар екі ұл бала көз жұмды. Ал 31 жастағы азаматша ауыр дене жарақатын алды», - деп жазылған хабарламада.
9 жылға бас бостандығынан айырылған тұрғын жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтейді.