Ол үйдің бесінші қабатынан құлаған
Қостанай облысында бір күнде екі бала терезеден құлап көз кетті. Олардың біреуі көз жұмып, екіншісі ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Оқиға 31 тамыз күні болған. Сағат 13:30 шамасында Арқалық қаласында Маясов көшесіндегі тұрғын үйдің бесінші қабатынан 2015 жылы туған қыз құлап кетті. Ол терезеге шығып, москит торын ұстап тұрған. Бұл уақытта баланың ата-анасы көрші бөлмеде жүрген. Бала қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды», - делінген хабарламада.
Айта кету керек, осы күні Жітіқара қаласындағы шағын аудандардың бірінде 6-қабаттан 2007 жылы туған жасөспірім құлап кеткен. Ол түрлі дене жарақатымен қалалық ауруханаға жатқызылды.