Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ
Қарағанды облысында Нұр-Сұлтаннан Шымкентке бағыт алған MAN жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
«29 тамыз сағат 14:49-да Ұлытау ауданында «Қызылорда-Павлодар» автожолында (248 км) «MAN» автоөкөлігі артылған кабель заттарымен бірге толық жанып кеткен. Өрттің жалпы аумағы – 20 кв.м. Өрт сағат 19:36-да сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оттың шығуының алдын ала себебі – электр сымының қысқа тұйықталуы», - делінген хатта.
Жүк көлігінде жүргізушімен қоса тағы бір адам болған. Куәгерлердің айтуынша, көлік кабельдерден бөлек, көшкен үйдің дүниесін – тұрмыстық техника мен басқа да заттарды алып келе жатқан