Олар 17 және 18 жаста болған
Ақтөбе облысында Yamaha мотоциклі жылқыға соқтығысып, 17 жастағы жүргізуші жігіт пен 18 жастағы жолаушы қыз қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қайғылы оқиға 29 тамызда Ақтөбе - Солтүстік айналма автожолында Ақшат ауылы маңында болған. Жасөспірім жігіттің мотоцикл айдау куәлігі болмаған. Ол жылдамдықты төмендете алмай, жылқыны соққан. Жігіт пен қыз оқиға орнында қаза тапты», - деп жазылған ақпаратта.