Орал тұрғыны таксиде босанды

Автор: Azattyq Rýhy

Ана мен баланың жағдайы жақсы

Фото: mgorod.kz

Орал тұрғыны таксиде босанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Мой Город» басылымына сілтеме жасап.

«Оқиғаның куәгері Азамат Абугалиев Правдухина және Московская көшелерінің қиылысында көлігін жуғызып тұрғанда, Volkswagen автокөлігі тоқтап, артынан жедел жәрдем келген. Оның досы, облыстық перинаталдық орталықтың акушер-гинекологы Тимур Мухамедьяров фельдшерлерге көмектесіп, әйелді босандырып алды», - деп жазады басылым.

Ана мен баланың жағдайы жақсы. Олар облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілді.