Өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Солтүстік Қазақстан облысында жер үйде өрт шығып, 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2020 жылдың 29 тамызында сағат 04:01-де Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД-ға Есіл ауданы Ильинка ауылында тұрғын үйдің жанып жатқаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тұрғын үйдің, аула шатырының, моншаның және шаруашылық қора-жайдың өртке оранғанын көрген. Олар жеткенге дейін шатыр құлап, үй толықтай өрт құрсауында қалып қойған», - деп жазылған хабарламада.
Өрт сөндіру кезінде 1969 және 1992 жылғы ер адам мен 1969 жылғы әйелдің, 2016 жылғы баланың денесі табылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.