Күдікті өзінен 6 жас үлкен тұрғынның 150 теңгесін иемденген
Атырау облысы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ақша бопсалап, қылмыс жасаған күдіктіні қолға түсірді.
Бастапқыда ол 36 жастағы қала тұрғынынан 80 мың теңге, үш күн өткен соң 70 мың теңге талап етіп, жалпы құны 150 мың теңге ақшасын иемденген.
Күдікті ретінде Атырау қаласының 1990 жылғы тұрғыны ұсталып, ол ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.