Қайтыс болған Nissan көлігі жүргізушісінің жеке басы анықталып жатыр
Бүгін сағат 15:05-те Дулати көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан Nissan Primera автокөлігі әл-Фараби даңғылы бойында тұрған патруль көлігіне соғылып, cол инерциямен шығысқа қарай жүріп бара жатқан Mercedes көлігіне соқтығысты. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлайды.
Соқтығысу салдарынан экипаж құрамындағы полиция қызметкерлерінің бірі ауыр жарақат алып, жедел түрде №7 қалалық клиникалық ауруханасына жатқызылды. Отқа оранған Nissan көлігін тексеру кезінде жүргізушінің өртенген денесі табылды. Қазір жүргізушінің жеке басы анықталып жатыр.
Сонымен қатар, басталған тергеу барысында көліктің өртену себебі және оқиғаның басқа да жағдайлары анықталады.