$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.08.2020, 00:29
Оқиғалар

Алматы облысының бас санитарлық дәрігеріне қатаң сөгіс жарияланды

Ол мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын бұзып, қоғамды сынға алды

Алматы облысының бас санитарлық дәрігеріне қатаң сөгіс жарияланды

Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Ерғали Сыдыманов әлеуметтік желіде наразылық білдіріп, өзін орынсыз ұстағаны үшін қатаң сөгіс алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Талдықорған қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысында белгілі болды. Сыдыманов өзінің орынсыз әрекеті үшін кешірім сұраса да, оған қатаң сөгіс жарияланды.

«2020 жылғы 19 тамызда бейне-конференция-байланыс арқылы әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, онда Алматы облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Е. Ж. Сыдымановқа қатысты тәртіптік іс қаралды. Оның іс-әрекетінде Талдықорған кәсіпкерлерімен әңгімелесу кезінде ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері) талаптарының бұзылуы анықталды, онда мемлекеттік қызметшілер азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға себеп болмауы тиіс»,- делінген хабарламада.

Шенеуніктің көпшілік алдында кешірім сұрауын ескере отырып, Кеңес Денсаулық сақтау министріне Ерғали Сыдымановқа «қатаң сөгіс» түрінде тәртіптік жаза қолдануды ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, 12 тамызда қызметке тағайындалған Ерғали Сыдыманов Талдықорған кәсіпкерлерімен кездесіп, карантин жағдайында жұмыс істеу бойынша «мастер-класс» өткізіп, күтпеген жерден оғаш мінез көрсеткен еді.

Талдықорғандықтар жаңа бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің мінез-құлқы мен қарым-қатынасына наразы. Оның «көпшілік алдында пайда болуы» туралы бейнеролик әлеуметтік желілерге жарияланып, тарап кеткен еді. 

Серіктес жаңалықтары