$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.08.2020, 23:10
Оқиғалар

Алматы облысында қызды өлтіріп, артынан денесін өртеген күдікті ұсталды

21 тамызда 21 жасар қыздың мәйіті табылған еді

Алматы облысының Өрнек ауылында қызды өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

21 тамыз күні сағат 16:00-де Еңбекшіқазақ ауданы Өрнек ауылының сыртында 21 жасар қыздың мәйіті табылды. Осы жәйтке байланысты қылмыстық іс қозғалды (ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру»).

«Қабылданған жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде екі тәулік ішінде адам өлімі ашылды. Қылмыс жасады деген күдікпен аталған ауылдың 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұрын тонағаны үшін соттылығы бар, қазір еш жерде жұмыс істемейтін азамат мойындап, қылмыстың мән-жайын егжей-тегжейлі сипаттаған», - деді Алматы облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Данияр Меңдебаев.

Ұсталған азаматтың айтуынша, 20 тамызда сағат 12 шамасында ол қызға себепсіз шабуыл жасап, содан кейін оны тұншықтырып, іздерден құтылу үшін денесін өртеген.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат ҚР ҚІЖК 128-бабына сәйкес УҰИ-ға қамалды.

Серіктес жаңалықтары