Ол тереңдігі 2,5 метр құдыққа құлаған
Батыс Қазақстан облысында құдыққа түсіп кеткен 4 жасар қыз бала көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Оқиға 23 тамыз күні Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылында болды. Сағат 10.30-да ересектердің қарауынсыз қалған 2016 жылы туған бала жеке үйдің ауласындағы ашық тұрған, суы бар құдыққа (тереңдігі 2,5 метр) құлап, батып кеткен. Қыздың денесін жергілікті тұрғындар сағат 10.40-та шығарып алды», - деп жазылған хабарламада.
Айта кету керек, бұдан бұрын БҚО-да екі бала құдыққа құлап, қаза тапқан.