АҚШ-та полиция қара нәсілді адамды атып өлтірді

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға Луизиана штатында болған

Фото: ашық дереккөзден

АҚШ-тың Луизиана штатында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстау кезінде қара нәсілді жігітті атып өлтірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.

«Оқиға Луизиана штатының Лафайет қаласында болған. Атысты куәгерлер видеоға түсіріп алған. Ұсталған кезде ол қашып кетуге тырысқан, содан кейін полиция қызметкерлері электршокер қолданған, бірақ бұл шаралар еш нәтиже көрсетпеген. Сол сәтте полиция оған оқ жаудыра бастаған. Құқық қорғаушылар бұл оқиғаны полицияның зорлық-зомбылығының тағы бір мысалы деп санайды», - деп жазылған ақпаратта. 

31 жастағы азамат оқиға орнында қаза тапқан. АҚШ полицейлері тергеу шараларын жүргізіп жатыр.