Калифорниядағы өрт: 6 адам қаза тауып, 43-і жарақат алды
Калифорния губернаторы көмек сұрады
Калифорниядағы орман өртінің өршуіне байланысты штат губернаторы Гейвин Ньюсом Канада, Австралия мен АҚШ-тың басқа штаттарынан көмек сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі DW сайтына сілтеме жасап.
«500-ден астам үй жанып кеткен. «Рейтер» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, өрт қазір Санта-Круз қаласындағы Калифорния университетіне жақындап қалды. Апаттан 6 адам қаза тауып, тағы 43 тұрғын түрлі жарақат алған», - деп жазылған ақпаратта.
Өңірде 3 мыңнан астам шаршы метрде 560-тан астам өрт шыққан. Өртті сөндіруге 12 мыңнан астам адам жұмылдырылды. Штаттағы орташа температура +37 градусты құрап тұр.
Калифорния губернаторы тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшуге шақырды. 120 мыңнан астам адам үйлерін тастап шыққан. 18 тамызда штатта төтенше жағдай жарияланды.