Сонымен қатар ересектер міндетті түрде маска тағып жүруі керек
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 12 жастан асқан балалар мен ересектер міндетті түрде маска тағып жүруі керек екендігін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі BBC сілтеме жасап.
Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, қазіргі кезде әлемде коронавирус жұқтырғандар 23 млн адамнан асқан. Олардың көпшілігі АҚШ, Бразилия, Үндістанда тіркелген. Алайда Оңтүстік Корея, Еуропа елдері және Ливан сияқты басқа елдерде де қауіпті вирусты жұқтырған адамдар саны көбейген.