Әйел сәбиін 14 жастағы қызына қалдырып, өзі шаруаларымен кеткен
Атырау қаласында ауладан шығып кетіп, үйін таба алмай қалған 2 жасар сәби анасына тапсырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сіштеме жасап.
2 жасар бала жеке үйдің ауласынан шығып кеткен. Оның көшеден жалғыз жүргенін «Нұрсая» ықшамауданының тұрғындары көріп, №14 учаскелік полиция бекетіне хабарлаған.
«Әйел сәбиін 14 жастағы қызына қалдырып, өзі шаруаларымен кеткен. Сол кезде кішкентай балақай ауладан шығып, үйіне қайта оралмаған», - деп жазылған хабарламада.
Полицейлер 2 жасар сәбиді анасына табыстап, қараусыз қалдырмауды ескертті.