Алматыда Қызыл кітапқа енген сексеуілді сататын орын анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанда 2024 жылға дейін сексеуіл ағаштарын кесуге тыйым салынған

Фото: ашық дереккөзден

Наурызбай ауданының экологиялық полициясының қызметкерлері Алматы экология Департаментінің өкілдерімен бірлесіп жүргізген рейд барысында көп мөлшерде сексеуіл ағашын сататын орынды анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстанда 2004 жылдан бастап сексеуіл тектес ағаштардың барлық түрлерін кесуге тыйым салынды. Сондай-ақ бұл тыйым 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.

«Алайда, тәжірибе көрсеткендей, адамдар экологиялық заңнаманы бұзуды жалғастырып, табиғатқа орасан залал келтіреді. Сатушыға сексеуіл сатқаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 196-бабы (Тауарларды немесе басқа заттарды заңсыз сату) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұдан басқа, алдағы уақыттағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді», – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.