Атырауда қоршауды аттап өтпек болған мас адамның аяғына темір қадалар кіріп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Оны құтқару үшін қоршауды арнайы құралмен кесіп алды

Оқиға 18 тамыз күні кешкі сағат 17:30 шамасында болған. 1974 жылы туған ер адам алған ауыр жарақаты салдарынан ауруханаға жеткізілген, деп хабарлады Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Спирттік ішімдік ішіп алған ер адам жолды қысқартпақ болса керек, үшкір қадалары бар темір қоршауға өрмелеп шыққан. Алайда, тепе-теңдікті сақтай алмай құлап кетіп, екі қада оның табанын тесіп өткен.

Оқиға орнына келген құтқарушылар ер адамды «тұзақтан» өз бетінше шығара алмай, темір кесетін құралмен қоршауды бұзып алды. Ауруханаға ол темір қадалармен бірге жеткізілген.