Балалар үйде жалғыз болған
Оралда Қонаев шағынауданында төрт жасар бала тоғызыншы қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Мой Город басылымына сілтеме жасап.
«Тұрғын үйдің жанынан өтіп бара жатқан қыз бір дыбыс естіп, терезеден құлап, жерде жатқан баланы көрді. Куәгердердің айтуынша, бала 9-қабаттың терезесінен құлап, баспен цементке түскен», - деп жазады басылым.
Жедел жәрдем оқиға орнына үш минуттан кейін келген, бірақ баланың көз жұмғанын анықтаған. Ал полиция департаментінің айтуынша, балалар үйде жалғыз болған.