$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.08.2020, 23:27
Оқиғалар

Павлодар облысында жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылды

Сонымен қатар жалған куәлік еткендер де анықталды

Павлодар облысында жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Павлодар облысының төрт тұрғыны жалған ақпарат бергені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Жалған айғақтар бергені үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілген кейбір ұятсыз тұрғындар әлі де жалған куəлік сөздерін беруді қояр емес. Себептер әртүрлі болуы мүмкін. Тек жәбірленушілер ғана емес, куәгерлер де осындай күнәға батып жатыр: кейбіреулері жеке жақтырмаушылық көзқарастан, басқалары айыптыларды қорғаштауға тырысады, ал тағы біреулері өздерін жақсы жағынан көрсетуге тырысады, сонымен бірге жалған куәлік бергені үшін 6 жылға дейін бас бостандығын шектеу қаупі бар, ал жалған сөз жеткізу үшін – 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Нәтижесінде жалған куәлік ету қылмыстардың тез объективті тергелуіне кедергі келтіріп қана қоймай, тергеуді жалған жолмен жүргізеді», - деп жазылған ақпаратта.

Тереңкөл ауданының 1984 жылы туған тұрғыны полицияға келіп, туған ағасының оны ұрып-соғып, автомашинасының доңғалақтары мен аккумуляторды қуаттау құралын тартып алғаны туралы арызданған. Сотқа дейінгі тергеу барысында тергеуші, сол күні жəбірленушінің өзінің үлкен ағасына ренжіп, өш алу үшін жалған қылмысты ойдан шығарып, оны солай жазалауды шешкенін анықтады. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы ҚР ҚК 419-бабы бойынша жалған айғақтар, сарапшы, маман қорытындысының айғақтары немесе қате аударма бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Материал сотта қаралды.

Серіктес жаңалықтары