Баланың денесін анасы тауып алған
Солтүстік Қазақстан облысында бір жасар қыз су құйылған ыдысқа құлап, тұншығып өлді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
«Қайғылы оқиға Тимирязев ауданының Докучаево ауылында болған. Жер үйдің ауласында үлкендердің қарауынсыз қалған бір жасар қыз су құйылған ыдысқа құлап, тұншығып өлді. Баланың денесін анасы тауып, судан шығарып алған», – деп жазылған хабарламада.
Айта кету керек, бұған дейін Айыртау ауданында үш жасар бала терезеден құлап қайтыс болды.