Шымкентте мембағдарламалар арқылы жасалған қылмыстар ашылды

Автор: Azattyq Rýhy

«Цифрлық Қазақстан», «Денсаулық», «Нұрлы жол» сияқты бағдарламалар бойынша 1 млрд 800 млн теңгеге жуық шығынның орны толтырылған

Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте мемлекеттік бағдарламалар арқылы жасалған 14 сыбайлас жемқорлық қылмысы ашылды. Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Асхат Жұмағали мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Төтенше жағдай режимі кезінде кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алып, олардың базардағы азық-түліктерді еш кедергісіз сатуына мүмкіндік бергені үшін мемлекеттік инспектор Арапов алты жылға бас бостандығынан айырылды», - деді Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Асхат Жұмағали «Antikor.live» онлайн бағдарламасы барысында.

Сонымен қатар, ол мемлекеттік бағдарламалар арқылы жасалған 14 сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталғанын айтты.

«Цифрлық Қазақстан», «Денсаулық», «Нұрлы жол» сияқты мемлекеттік бағдарламалар бойынша 1 миллиард 800 миллион теңгеге жуық шығынның орнын толтырдық. Біз өз жұмысымызды әрі қарай жалғастыра береміз», - деді ол.