Бетперде кигендер шекарашылардың 5 автоматын алып үлгерген
Тәжік-өзбек шекарасындағы «Ишкобод» заставасына 20 адамнан тұратын қарулы топ шабуыл жасап, барлығы 17 адам қаза тапты деп жазды РИА Новости.
Қарулы топтың 15 мүшесінің көзі жойылып, бесеуі тірідей ұсталған. Тәжікстан тарапынан бір шекарашы мен бір милиция қызметкері қаза тапты. Бұл туралы мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлап отыр.
Бетперде кигендер шекарашылардың 5 автоматын алып үлгерген. Қазір олардың кім екені және нені көздегені анықталып жатыр.