Жол апаты Момышұлы даңғылының бойында болған
Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, өткен түні сағат 23.55-те орташа деңгейде мас болған 29 жастағы жүргізуші «Lada» көлігімен Момышұлы даңғылымен келе жатып, жолдың қарсы жолағына шығып кеткен. Соның салдарына қарсы беттегі «Hyundai Sonata» көлігімен соқтығысқан.
«Жол-көлік апаты салдарынан 26 жастағы «Hyundai Sonata» көлігінің жүргізушісі және «Lada» көлігінің жолаушылары түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Аталған факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Facebook желісіндегі «Астана - Что? Где? Когда?» тобында жарияланған фотоға назар аударсаңыз, оқиға орнына 4 бірдей жедел жәрдем көлігі барған.