$ 515.25  535.91  5.18
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.11.2019, 04:43
Оқиғалар

Алматы облысында екі рет сотталған әйел сүйіктісін атып өлтірді

46 жастағы азаматша өзінің көңілдесін атып өлтірді деген айыппен тергеліп жатыр

Алматы облысында екі рет сотталған әйел сүйіктісін атып өлтірді

Алматы облысында бұрын екі рет істі болған әйел енді адам өлтірді деген күдікпен қайта ұсталды. 46 жастағы азаматша өзінің көңілдесін атып өлтірді деген айыппен тергеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция қызметінің мәліметінше, 5 қарашаға қараған түні Қаратал ауданындағы шаруа қожалықтардың бірінен 38 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Марқұмның Үштөбе қаласының тұрғыны екені анықталды. Ол қожалықта әртүрлі жұмыс істеген. Адам өліміне байланысты қылмыстық іс қозғаған тәртіп сақшылары күдікті ретінде әйел адамды ұстады.

«Қожалықта әйел адамның жұмыс істегені белгілі болды. Ол марқұм болған ер адаммен үш жылдан бері бірге тұрып келген. Оқиға орнынан қашып кеткен азаматша Үштөбе қаласында ұсталды. 1973 жылғы, күдікті бұған дейін де адам өлтіріп, есірткі сақтағаны үшін сотталған әйел қазір қамауға алынды», – деді Қаратал аудандық полиция бөлімінің басшысы Рауан Абдраимов.

Күдіктінің сөзінше, ол сүйіктісімен жанжалдасып қалған. Соңында еш жерде тіркелмеген аңшы мылтығымен оны атып тастаған.

Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары