Алматы облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Тағы 3 адам жарақат алды

Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында бірнеше көлік соқтығысып, екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты 14 тамызда  «Алматы-Көкпек-Көктал» жолында болған. Алдын ала деректерге сәйкес, Honda маркалы көліктің 26 жастағы жүргізушісі тас жолдың батыс бағытындағы 47-шақырымында Мitsubishi көлігін соғады. Ал ол авто Folkswagen маркалы көлікке түйіледі. Нonda кейін Folkswagen Passat көлігін соғады да, Folkswagen Passat тағы бір көлікті - Opel Vectra-ны қағады.

«Жол апатынан Мitsubishi көлігінің екі жолаушысы - 26 жастағы қыз бен 27 жастағы жігіт сол жерде қайтыс болды. 3 адам түрлі жарақат алып, Есік қаласындағы ауруханаға жатқызылды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Апаттың себебі мен салдары анықталып жатыр», - деп жазылған хабарламада.