Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға 4 қараша күні «Зенит» бау-бақша серіктестігінде орын алған

Оралда ер адам газдан уланып, көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 4 қараша күні «Зенит» бау-бақша серіктестігінде орын алған.

62 жастағы ер адамның сағат 10.00 шамасында газдан уланып, қаза болғаны тіркелген. Марқұмның денесінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Қазір аталмыш оқиға бойынша Абай полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде.

«1957 жылғы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған», – деп атап өтті облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынова.

Ал марқұмның жанында болған 1996 және 1995 жылғы жігіттердің улануы орта дәрежелі болғандықтан, олар қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.