Зардап шеккендер жоқ
Жұма, 14 тамыз күні кешке Алматыдағы «Қазақфильм» студиясын өрт шалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«14 тамызда сағат 21:33-те күзетшіден Әл-Фараби даңғылы, 176-үй мекен-жайы бойынша өрт туралы хабарлама келіп түсті. Алматы ТЖД күштері мен құралдары оқиға орнында жұмыс істеуде», - делінген қалалық ТЖД хабарламасында.
«Қазақфильм» аумағында екі өрт ошағы бар. Алдымен, жеке тұрған шатыр астында жиналған ағаш материалдары жанған, сондай-ақ екі қабатты ағаш құрылымында анықталған. Оттың таралу қаупі жоқ, тоқтатылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өртті сөндіруге 53 адам мен 16 техника жұмылдырылды», - деп нақтылады ТЖД-де.
Куәгерлер желіге өрт туралы видео таратты. Ақпарат көзінің айтуынша, өрт реквизит пен декорация сақталатын қоймалардың бірінде болған.