Бұл оқиға 11 тамыз күні Алматы – Жандосов тасжолында болған
Жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші туралы видео әлеуметтік желіде тарап, Қарасай ауданының жол сақшылары мәселені анықтады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
Видеода «Гелендваген» маркалы автокөлік жолдың қарсы бағытына шығып, жол қозғалысы ережелерін бұза отырып келесі көліктен озады.
«Mersedes Benz AMG» маркалы автокөлік иесі бірден анықталды. Ол Т. есімді Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. 46 жастағы жол талғамайтын көлік иесінің іс-әрекеті ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі баптарының нормаларына сәйкес сараланды. Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабының 2-бөлігі (жол белгілерінің талаптарын орындамау) және 606-бабының 1-бөлігі бойынша (авариялық жағдай жасау деректері үшін) екі әкімшілік хаттама толтырылды. Жүргізуші өзінің ағат қылық жасағанын бірден мойындады және әкімшілік хаттамаларға тиісті белгісін қойды», – деді Қарасай аудандық Полиция басқармасының бастығы Болат Тотыбаев.
Айта кетейік, бұл оқиға 11 тамыз күні Алматы – Жандосов тасжолында болған.