COVID-19 жұқтырғандардың саны 7,5 мыңға жетті
Ливанда тағы бір айға төтенше жағдай режимі ұзартылды. Денсаулық сақтау министрі Хамад Хасанның бұл шешімін Azattyq Rýhy тілшісі «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ел президенті қазіргі министрлер кабинетінің отставкасын қабылдаса да, барлық министрлер жаңа тағайындалғанға дейін өз міндеттерін орындауды жалғастыруда.
Бүгінгі таңда елде COVID-19 жұқтырғандар санының жаңа өсуі байқалады. Аурудың өршуі 4 тамызда болған Бейрут портындағы күшті жарылыстан кейін пайда болды. Бұған дейін елде 300-ге жуық жағдай, яғни, коронавирустық инфекцияның рекордтық тәуліктік көрсеткіші тіркелген. Нәтижесінде, қауіпті вирус жұқтырғандардың жалпы саны 7,5 мыңға жетті. Бірақ сарапшылардың пікірінше, жұқтырғандар әлдеқайда көп болуы мүмкін. Өйткені, бүгінгі күні тестілеу саны жеткіліксіз.