«Бізді басып озбаңыздар»: Ақтөбе полициясы бораннан бола жолда қалған 500 жүргізушіге көмектесті

Автор: Бақыт Шынар

Олардың бәрі жүк көлігін немесе автобусты тізгіндеп келе жатқан

Фото: скриншот

Кеше, 26 қараша күні Ақтөбе облысында ауа райы нашарлап, боран соққан. Жол тағайнақ әрі айнала көрінбейтін болған соң, полиция тас жолдарды жапқан. Бүгін ауа райына байланысты тоқтап қалған 500 жүргізушіні полиция сүйемелдеп, сапарға шығарды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің мәліметінше, қар жауып, боран басталғандықтан, республикалық маңызы бар жолдар жабылған. Бүгін ауа райы жақсарып, жол ашылған кезде, жүргізушілерді облыстық әкімшілік полиция басқармасының басшысының өзі  ертіп, жолға шығарған.

«Ақтөбе облысы әкімшілік полиция басқармасының басшысы, полковник Өтеген сөйлеп тұр. Сағат 11.00-де жолға шығамыз. Көліктеріңізді қыздырып қойыңыздар. Жол ережесін қатаң сақтаңыз. Патрульдеп бара жатқан полиция көлігін басып озбаңыздар. Сағатына 50 шақырым жылдамдықтан асырмаңыздар», - деген Еркін Өтеген жүргізушілерге хабарландыру жариялай отырып.

Осылайша, полиция департаменті хабарлағандай, 500-ден астам жүк көлігі мен жеңіл көлік қайтадан жолға шыққан.