Астана мен Ақмолада бүгін жаңбыр себеледі
«ҚазАвтоЖол» компаниясы Астана мен Ақмола облысының жүргізушілеріне ескерту жасап, дабыл қақты, деп жазады Azattyq Rýhy
Дереккөзге сүйенсек, күні бойы күн жылы, жаңбырлы болғанына қарамастан, кешке жақын аяқасты аяз түсіп, жол қатады.
«Бүгін, 26 қараша күні Астана мен Ақмолада жаңбыр жауды, күн жылы болды. Бірақ, кешке аяз түсіп, мұз қатады. Сондықтан, «ҚазАвтоЖол» жолаушылардың бәрін сақ болуға шақырады», - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Бұған дейін хабарлағынымыздай, алдағы үш күнде Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы құбылмалы болады. Елордада қар жауып, көктайғақ күтілсе, Алматыда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжанып отыр.