Алдын ала болжам бойынша ол балконнан секіріп кеткен
Астанадағы «Лазурный квартал» атты тұрғын үй кешенінің жанынан бір ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Бұл оқыс оқиға туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде таралды. Кейін қалалық полиция департаменті оқиғаны растап, мәлімет берді.
«Суицид жасады деген факті бойынша тергеу басталды. Көшедегі камералардың бейнежазбаларын полиция тәркілеп алды», - деп хабарлайды полиция департаменті.
Алдын ала болжам бойынша 26 жастағы жігіт балконнан секіріп, қаза тапқан.