$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.08.2020, 22:20
Оқиғалар

Павлодарда карантин кезінде 15 кальян бары жұмыс істеді

40-тан астам тұтынушы және 15 мекеменің әкімшісі жауапкершілікке тартылды

Павлодарда карантин кезінде 15 кальян бары жұмыс істеді

Павлодарда карантин кезінде 15 кальян бары жұмыс істеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Павлодар қаласы, Полиция басқармасының қызметкерлері карантин шараларын сақтау бойынша профилактикалық рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Сонымен, карантин режимі кезінде полиция тыйым салынғанына қарамастан жұмыс істеген 15 кальян барын анықтады. Осы мекемелерге барған кезде кальян шегетін 40-тан астам тұтынушы анықталды, олардың барлығы ҚР ӘҚБК 441-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. 

«Сондай-ақ, әкімшілік-құқықтық сипаттағы шараларға осы мекемелердің 15 әкімшісі мен кальяншылары тартылды, оларға ҚР ӘҚБК 441-бабы бойынша айыппұл салынды. Кальян иелері ҚР ӘҚБК 425-бабы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын бұзу» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды» делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары