Нұр-Сұлтанда соңғы бір айда дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатудың 107 фактісі тіркелді

Автор: Azattyq Rýhy

Ал дәрі-дәрмектерді заңсыз қайта сатудың 56 фактісі анықталды

Елордалық дәріхана иелеріне дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатқаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. 

Соңғы айда Нұр-Сұлтан прокуратурасы дәріхана желісінің 500-ден астам нысанын тексерді. Нәтижесінде дәрі-дәрмектерді заңсыз қайта сатудың 56 фактісі, дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатудың 107 фактісі, сондай-ақ елде тіркелмеген дәрі-дәрмектер сату фактілері анықталды. 

Айта кетерлігі, заң бұзушылық үшін дәріхана иелеріне құны 180 мыңнан жарты миллион теңгеге дейін айыппұл төлеуге тура келеді.