Қасқырға таланған ер адам ауруханада жатыр
Қостанай облысы Жангелді ауданының Ақкөл ауылында қасқыр адамға шапқан. Дәрігерлер ер адамды Арқалықтың аудандық ауруханасына ауыстырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, науқастың жағдайы жақсы, орта дәрежелі жарақаттары бар.
Жалпы, дереккөзге сүйенсек, қасқыр 22 қараша күні ауылға шапқан. 1978 жылғы ер адамды ауылдастары құтқарып қалған.
Ауыл тұрғындары қасқырды атып алған.