Оқиға салдарынан автобустың екі жолаушысы медициналық көмекке жүгінген
Атырауда қоғамдық көліктің қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы Азаттық даңғылында, «Торговая база» аялдамасы маңында болған. Автобус жетінші сынып оқушысын қағып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, қоғамдық көлік №64 бағыт бойынша жүрген.
Атырау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқушыдан бөлек, Yutong маркалы автобустың екі жолаушысы да зардап шеккен. Олар медициналық көмекке жүгінген.