Оқиға көрермендер арасында үлкен алаңдаушылық туғызды
Қарағанды циркіндегі шоу кезінде әуе гимнастигі күрделі трюкті орындау барысында тепе-теңдігін жоғалтып, шамамен бес метр биіктіктен құлаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ekaraganda басылымына сілтеме жасап.
Оқиға көрермендердің көз алдында болған. Цирк аренасында болған жағдай залдағыларды алаңдатқанымен, зардап шеккен әртіске жедел түрде көмек көрсетілген. Медициналық қызметкерлер оны бірден тексерді.
Алдын ала мәлімет бойынша, әртіс ауыр жарақат алмаған. Көрермендерді тыныштандыру үшін бағдарлама жүргізушісі сахнадан көпшілікке үн қатып, гимнасттың денсаулығына қауіп жоқ екенін және «оның жағдайы жақсы» екенін айтқан.